Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 жылдар ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, түгендеу жұмыстары кезінде 5912 жер пайдаланушының 241 мың га жері пайдаланылмай жатқаны анықталған.
«Есепті кезеңде 63,8 мың гектар жер аудан, қала әкімдігі тарапынан мемлекет меншігіне қайтарылса, 61,1 мың га жер қайта игеруге кірісті. Ал 5,24 мың га жер иесіз мүлік ретінде есепке қойылса, 27,1 мың га жер аудан әкімдігінің қарауындағы жерлер болып шыққан. Сондай-ақ, 83,8 мың га болатын жерлерге шара көру үшін облыстық жер инспекциясы басқармасының қарауына ұсынылды», - деді Әбдіқұлов бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Брифингте мәлім болғандай облыстағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы жерлері конкурс арқылы айналымға енгізілуде. Мәселен, соңғы 3 жылда ауыл шаруашылық мақсатындағы 53 конкурс ұйымдастырылған. Нәтижесінде 309 мың га жер учаскелері жалға берілді, ал биылғы жылы 73,8 мың га жер айналымға қосылып отыр.
Айта кетейік, өңірде ауыл шаруашылығы бағытындағы 6815,7 мың га жерлер болса, оның ішінде 911,4 мың га егістік жер, 5635,8 мың га жайылымдық, 84,5 мың га шабындық, ал көп жылдық екпелер (баулар) 29 мың гектарды құрап отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?