Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның нақты және
болжамды (бір жарым жыл көлеміндегі) деңгейлері 2017 және 2018 жылдарға арналған нысаналы дәліз шеңберінде. Халықтың инфляция болжамдары тұрақты деңгейде қалыптасты.
Жылдық көрсеткіш бойынша инфляция қыркүйекте 7,1% деңгейінде, айлық инфляция 0,3% деңгейінде болды. Инфляция аясының сақталуына осы жылы азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныстың біртіндеп артуы арқылы олардың қымбаттауы, сондай-ақ, халыққа көрсетілетін қызмет тарифтерінің өсуі ықпал етті.
"Осы жылдың соңына дейін инфляция аясы қалыпты болып қалады. Белгілі бір инфляциялық тәуекелдердің сақталуы астыққа қатысты белгісіздікке, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының жеткіліксіз жүктемесіне, жанар-жағармай материалдары және азық-түліктің жекелеген түрлері нарығындағы ахуалға байланысты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 27 қарашада Астана уақыты бойынша 17:00 жарияланады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?