Француз елінің Парламенті жаңа заң қабылдап, терроризммен күресті арттырды. 2015 жылы 13 қарашада болған террорлық шабуылдан бері қарай елде төтенше жағдай сақталып келеді. Жаңа заң төтенше жағдай аяқталғаннан кейін күшіне енетін болады. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды.
Аталған жаңа заң жобасы бойынша бұрын құқық қорғау және қауіпсіздік саласының құзырындағы істер ендігі жерде жергілікті әкімшілікке беріледі. Айталық, өңірде төтенше жағдай жариялау, мешіттерді жабуға бұйрық беру, ұжымдық және жекелеген мекен-жайларды қоршауға алуға, күшпен басып кіруге, тінтуге, тексеруге құқықты болып бекітілді.
Сонымен бірге жаңа заңда төтенше жағдай жариялаудың шарттары мен ережелер де қамтылған. Айта кетейік, 2015 жылы 13 қарашадан кейін жарияланған төтенше жағдай осымен алты рет мерзімі ұзартылды. Дегенмен, 1 қараша күні күшінен қалдыратыны анық болды. Бұны Франция Парламенті «терроризммен күрес заң» жобасы деп атап, терроризмге қарсы күресті арттыру үшін қабылдағанын атап өтті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?