Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының 2017 жылғы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Еңбегі еленген үш ғалымға Зика вирусын зерттеудің әдісін ашқаны үшін халықаралық сыйлық табысталды. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды.
Швейцариялық Жэк Дубочет, АҚШ-тың зерттеушісі Иохим Фрэнк пен Ұлыбританияның тумасы Ричард Хендерсон криоэлектронды микроскопия әдісін ойлап тапқан. Бұл әдіс бойынша биомолекулаларды қатырып, микроскоп арқылы қарауға болады. Осылайша Зика сияқты вирустарды толығырақ зерттеп, індеттің емін табудың алғышарттары жасалды.
Нобель комитеті "бұл ғылыми жаңалық қауіпті вирустарға қарсы дәрі-дәрмек ойлап табу ісіне елеулі үлес қосады" деп бағалады. Нобель сыйлығының иегерлерінің есімдері Швециядағы Стокгольмде жарияланды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?