Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының 2017 жылғы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Еңбегі еленген үш ғалымға Зика вирусын зерттеудің әдісін ашқаны үшін халықаралық сыйлық табысталды. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазды. 

Швейцариялық Жэк Дубочет, АҚШ-тың зерттеушісі Иохим Фрэнк пен Ұлыбританияның тумасы Ричард Хендерсон криоэлектронды микроскопия әдісін ойлап тапқан. Бұл әдіс бойынша биомолекулаларды қатырып, микроскоп арқылы қарауға болады. Осылайша Зика сияқты вирустарды толығырақ зерттеп, індеттің емін табудың алғышарттары жасалды.

Нобель комитеті "бұл ғылыми жаңалық қауіпті вирустарға қарсы дәрі-дәрмек ойлап табу ісіне  елеулі үлес қосады" деп бағалады. Нобель сыйлығының иегерлерінің есімдері  Швециядағы Стокгольмде жарияланды.

“The Qazaq Times”