Тайланд соты елдің бұрынғы премьер-министрі Инглак Шинауатраны бес жылға бас бостандығынан айырды. Бір ай бұрын Тайланд соты Инглакқа қарсы сот отырысын өткізген кезде, бұрынғы премьер-министрі денсаулық жағдайын алға тартып, сот отырысынан жалтарған еді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Тайланд сотында миллиардтаған қаржы жұмсалған күріш сатып алу субсидиясына байланысты Инглактың үстінен іс қозғалған болатын. Сонымен бірге, Тайланд қарулы күштерінің үкіметтің шешімін бұрмалауға ықпалы болған деген мәселе де сот тақырыбына кірген. Бұл әскери-саяси өзгеріс кезінде Тайланд қарулы күштері өздерінің қолбасшылары Патраны премьер-министрлік лауазымына ұсынған.
Сот отырысынан да саяси өзгерістерден де өзін тасада ұстап отырған Инглактың қайда екені туралы жергілікті БАҚ ешқандай жауап тала алмаған. Алайда, қарулы күштердің қолбасшысы Патра сейсенбі күні хабарлама жариялап, өзінің бұрынғы премьер-министрдің жанына қойған шпионының бар екенін, оның қайда екенін білетінін мәлімдеген. Бірақ бұл туралы журналистерге нақты жауап бермеді.
Тайландтағы саяси өзгерістер аса күрделі күйде тұр. Тайланд соты елдің бұрынғы премьер-министріне сырттай бес жылға бас бостандығынан айыру үкімін жариялады. Алайда, сыртқы істер министрілігі елдегі ауқымды өзгерістер болғанына қарамастан елдің әлі де әскери демократиялы мемлекет екенін айтуда.