Облыстық әкімдікте көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Биыл 4,1 млн.га алқапқа дән себілмек, оның 2,6 млн гектарына бидай егіледі. Картоп пен көкөністердің алқаптары екі есе ұлғаймақ. Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысына көп көңіл бөлінеді. Биыл солтүстік өңір майлы дақылдардың алқаптарын одан сайын ұлғайта түспек. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан Облысы акімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл диқандар жерге 109 мың тонна минералды тыңайтқыштарды салуды көздеп отыр. 3,5 млн.гектар аумақта химиялық өңдеу жүргізілсе, зиянкестер мен ауруларға қарсы 720 мың гектар өңделмек. Биыл 548 мың тонна тұқым дайындалды. Көктемгі егіске 66 мың тонна дизель отыны бөлінді. Көктемгі егіске 13662 трактор, 16299 егін сепкіш, 1147 жоғары өнім кешендері шығады.
Қазір өңірдің 26 агроқұрылымы 500 мың гектар аумақта спутниктік мониторинг жүргізеді. Биыл цифрлендіруді 50 шаруашылық енгізбек. Алқаптардың электронды карталары да кеңінен қолданылуда. Қазір 2,5 млн га немесе 52 пайызы цифрлендірілді.
Жалпы, мемлекет өңірдің егіс шаруашылығына субсидия түрінде 16,3 млрд теңге бағыттамақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті