АҚШ-тың 16-шы президенті Авраам Линкольннің ескерткіш монументін шимайлаған Қырғызстан азаматы дүйсенбі күні қамауға алынғаны туралы ақпарат агенттіктері хабарлады. Бұл туралы "BBC" онлайн қызметі жазған болатын.
Мәліметтерге қарағанда 21 жастағы қырғызстандық Нұртілек Бакиров АҚШ-тағы Линкольн президенттің ескерткішіне атын жазып кеткені үшін, дүйсенбі күні қолға алынған. Егер оған тағылған айып дәлелденетін болса, Н. Бакиров 10 жылға бас бостандығынан айырылады және 25 мың АҚШ доллары айыппұл төлейді. Қатысты мәліметтерге қарағанда, аталған қырғыз азаматына Құрама Штаттағы ең танымал "Авраам Линкольн" мүсініне "HYPT MEAK" деп жазып кеткен.
Полиция тараулары оның өз атын жазғысы келгенін, әлде өзге мақсаты болған-болмағанын анықтай алмай жатқандарын айтты. Ұлттық парк қызметкерлері бұл соңғы бір ай уақыт ішінде екінші рет Линкольн ескерткішіне жасалған қиянат екенін жеткізген.