APF ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Кабулдың орталығында, АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігінің жанында болып, бірнеше адамның жаралануына және 4 азаматтың қазасына себепкер болған.
Қарбалас көше ортасында өзін-өзі жарып жіберген джихадшылардың мұндай әрекеті Кабулда осымен бірнеше рет қатарынан қайталанып отырған құбылыс. Осыдан үш ай бұрын осы маңда үлкен жүк көлігі жарылып, нәтижесінде 150 адам өлім құшқан болатын.
Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің өкілі Натан Даш: "Терракт Масуд алаңындағы банк бөлімшесінің жанында болған. Бұл шенеуніктердің Құрбан Айт мерекесі қарсаңында жалақы алатын кезі болатын", - деді.
Соңғы кездері Талибандықтардың қолымен ұйымдастырылған терракт оқиғалары жиіледі. Жуырда АҚШ Президенті Дональд Трамп Ауғанстанға қатысты жаңа саясатын жариялап, өңірдегі америкалық әскерилердің үлесін арттыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Одан бұрын Трампқа ашық хат жолдап, Ауғанстан жерінен кетуге кеңес берген Талибандықтар үндеулері ескерілмегеннен кейін, алдағы уақытта Таяу Шығысты шет елдің әскери күштері үшін "молаға" айналдыруға уәде берген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?