Бір күні бұрын, Ресейдің Волгоград және Ростов облыстары өрт апатынан ауыр зардап шеккені туралы хабарланды. Ресей президенті Владимир Путин өрт себебін мұқият тергеуді тапсырды және қасақана өрт қою ісінің мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы Ресейдің «Новости» агенттігіне сілтеме жасай отырып «People» басылымының онлайн қызметі хабарлайды.
Ростов на Дону қаласында болған өрттен кемінде 120 ғимараттың зиянға ұшыраған. Оның ішінде 100-ден астамы тұрғын үйлер. Әзірге дейін өрт салдарынан бір адамның қаза тапқаны туралы мәлім болған. Ресей Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі өрттің қасақана қолдан жасалу ықтималдығы жоғары екенін айтты.
Өткен аптада, 23 тамыз күні Ресейдің Волгоград облысында өрт апаты болып, мемлекет бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Өртті тізгіндеуге 6,5 мың адам күш салған. Волгоград губернаторы Бокаровтың сөзінше, өрт тудырды деген күдікті қамауға алынып, кінәсін мойындаған. Оған қоса ол өзге де күдікті адамдар бар екенін де айтқан.