Қырғызстанда екі күнге жалғасқан «Барыс қорғау форумы» кеше мәресіне жетті. Форум барыстар мен экожүйені қорғауды күшейту, сонымен бірге Халықаралық экологиялық ортаны қорғау қоғамының назарын тұқымы құруға таяған барысты қорғауға аудару мақсатында өткізіліп отыр. Бұл туралы BBC хабарлап отыр.

Форумға қар барысы тіршілік ететін 12 елдің орта қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақ елінен, Қырғызстаннан, Пәкістан мен Тәжікстаннан Қытай және Монғолиядан өкілдер қатысқан бұл шараның қолдаушысы қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаев болып отыр. Олар барыстардың санының жылдан жылға азайып бара жатқанына және оның себептеріне тоқталды.

Таутекесін аулған барыс. Фото: Asia Russia Daily.

Әлемдегі барыстың жалпы саны 8 мыңға жетер жетпес қана. Ал, соңғы 9 жыл ішінде браконьерлер жағынан 450-ге жуық қар барысы ауланған. Барыстың бағалы терісі мен тіс-тырнағына дейін браконьерлерді өзіне тартуда. Қытай, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан және Ауғанстанда ең көп ауланған.

Барыстар жер бетінен тұқымы құрып бара жатқан жануарға жатады. Теңіз деңгейінен 1000 метрден 5400 метр биіктіктегі қарлы тауларда өмір сүреді. Оны бір елдерде "қар барысы" десе, қырғыз-өзбек "ақ ілбіс" деп атайды. Қазақстанда барыстың саны 200-ден ары аспайды. Ең көбі Тибет үстіртінде мекендейді. Алайда Қытай жерінде көбінесе барыстар мен қабыландар аралас мекендейді және мекендерге таласып қалады.

“The Qazaq Times”