Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» хоккей командасының төрт бірдей ойыншысын ұрып жыққан «Барыс» клубының ойыншысы Дамир Рыспаев аралас ережесіз жекпе-жекке шақырту алды.
Дамир Рыспаевтың айтуынша оған Fight Nights промоутерлік компаниясы Ресейдің «Адмирал» командасының ойыншысы Самвел Мнацянмен жекпе-жек өткізуді сұраған. Бірақ Дамир олардың бұл ұсынысына өз болашағын ережесіз жекпе-жектен емес, хоккейден көретінін айтқан.