Араб Біріккен Әмірлігінің билігі арыстан, жолбарыс, қабылан т.б. ірі мысық тұқымдас жануарларды үй жануары ретінде асырауға тиым салды.
Бұл күнде Арабия сынды мұнайлы елдің бай тұрғындарында қабылан, арыстан, жолбарыс сынды жыртқыштарды асырау бет-бедел мен атақ-абройдың белгісі санау дәстүрге айналған. Алайда ендігі жерде бұндай байлар осы істері үшін көп мөлшердегі айып пұл төлеуіне тура келеді. Тіпті бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.
Осыдан бұрын адамдар әлеуметтік желілерден араб бай-бағландарының ірі мысық тұқымдас жыртқыштарды жетектеп сейілдеп жүрген суреттерін көруге болатын. Тіпті, автокөліктің орындығында отырған арыстандарды да көретін еді. Қазан айында Дубай жағажайында асыр салған жолбарыстың мәулендері түсірілген видео әлеуметтік желіні шарлап, желі тұтынушыларының қызығушылығын тудырған болатын.
Әрине, АБӘ-нің билігі осы жыртқыштардың қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіруінен алаңдайды. Атқаруға берілген соңғы заңдарына сәйкес, «Кез-келген жеке тұлғаның жабайы аңдардың барлық түрін, жыртқыш аңдарды, қолға үйретілген адам өміріне қатер төндіретін жануарларды асырауға, тамақтандыруға болмайды». Осы заң бойынша мұндай аңдарды асырау толымдылығы Зоопактерде, жабайы хайуанаттар қорығында, цирк немесе зерттеу орталықтарына ғана берілген. Егер бұл заңды бұзған жеке тұлғалар анықталса 6 айға дейін бас бостандығынан айыру және 500 мың дирхан (13,6 мың АҚШ доллар) айып пұл салынады. Егер жыртқыш жануарларды басқаларды қорқыту үшін пайдаланылса айып пұлы 700 мың дирханға дейін жоғарлайды.
"The Qazaq Times"