Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында диқандар өнім жинау кезеңін бастады. Олар жалпы көлемі 1005 гектар жерге егілген жеміс-жидек пен жүзімнен бүгіннің өзінде 2766 тонна өнім жинады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Диқандар отандық нарықты қамтамасыз етумен қатар жеміс-жидектерді шетелдерге экспорттауда.
Жеміс-жидек өндірушілердің бірі - «Арсенал сад» өндірістік кооперативі. Жер аумағы 350 гектарды құрайтын бақта жемістердің барлық түрі өсіріледі. Мәселен, бақтың 110 гектарына жүзім, 100 гектарына алма, 22 гектарына шабдалы, 25 гектарына қара өрік, 10 гектарына шие егілген.
60 тонна жүзімді Ресейге жіберген кооператив қазіргі уақытта шабдалы жинау науқанын бастап жіберген. Шабдалы өнімінің басым бөлігі Ресей Федерациясына жіберілетін болса, қалғаны ішкі нарықта саудаланатын болады.
Мұнда 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, науқан кезінде 500-ге тарта жұмысшылар жұмысқа тартылады. Өнімдерді жинап, сараптап, сорттап, экспорттық жәшіктерге жайғастырғанға дейінгі жұмысты түгелдей терімшілер атқарады. Әрбір өнім ұзақ жолда жарамсызданбауы үшін олардың жәшіктерде дұрыс орналасуы маңызды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?