2017 жылдың мамыр айының 27-нен маусым айының 2-сі аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылығының 9 фактісі анықталды.
Ресей Федерациясынан (79 текше метр кесілген ағаш дайындамалары мен тақтайшалар, 10 тонна құлпынай, 45 кг бидай, 20,15 тонна кепкен жемістердің түр-түрлері), Қырғыз Республикасынан (16 тонна құлпынай) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.
Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 79 текше метр және 46,195 тонна экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.
“The Qazaq Times”