Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1
1% дәлізбен 10,25%-ға дейін төмендетуге шешім қабылдады. Осылайша базалық мөлшерлеме бұрынғы көрсеткіштен 0,25%-ға төмендеді. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жылдық инфляция баяулап, нысаналы дәлізде тұр, ал оның төмендеу бағыты Ұлттық Банктің болжамдық бағалауларына сәйкес келеді. Ақша-кредит
талаптарының жұмсаруына инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейі, шикізат нарықтарындағы ахуалдың тұрақтануы, сол сияқты орта мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің одан әрі төмендеуібойынша болжамдар себепші болды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім:
- инфляция;
- инфляциялық күтулер;
- экономикалық белсенділік;
- шикізат нарықтарындағы ахуалдың тұрақтануына қатысты факторларды ескере отырып қабылданған.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 9 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланатын болады.
Айта кетейік, Ұлттық банк шілде айында базалық мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз қалдырған болатын.