Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1
1% дәлізбен 10,25%-ға дейін төмендетуге шешім қабылдады. Осылайша базалық мөлшерлеме бұрынғы көрсеткіштен 0,25%-ға  төмендеді. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жылдық инфляция баяулап, нысаналы дәлізде тұр, ал оның төмендеу бағыты Ұлттық Банктің болжамдық бағалауларына сәйкес келеді. Ақша-кредит
талаптарының жұмсаруына инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейі, шикізат нарықтарындағы ахуалдың тұрақтануы, сол сияқты орта мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің одан әрі төмендеуібойынша болжамдар себепші болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім:

  • инфляция;
  • инфляциялық күтулер;
  • экономикалық белсенділік;
  • шикізат нарықтарындағы ахуалдың тұрақтануына қатысты факторларды  ескере отырып қабылданған.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 9 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де жарияланатын болады.

Айта кетейік, Ұлттық банк шілде айында базалық мөлшерлеме деңгейін өзгеріссіз қалдырған болатын.

“The Qazaq Times”