Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Бурабай кентінде «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу мәселесіне тоқталды.
"Латын әліпбиіне көшу орыс тілінен немесе кириллицадан бас тарту деген сөз емес. Орыс тілінде шығатын барлық басылымдар бұрынғыдай шыға береді, яғни Қазақстанның орыс тілді азаматтары үшін кириллица қалады", - деді Президент сұхбат барысында.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент бұдан бөлек Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөліскен.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.
Сұхбаттың толық нұсқасы дүйсенбі күні сағат 21:30-да "Хабар" арнасынан көрсетіледі.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды