Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін облыстық "Халифа Алтай" мешітінде болды. Аймақ басшысы мешіттің жұмысымен танысып, қордаланған кейбір мәселелерді бюджеттік емес қаржы көздерін жұмылдыра отырып шешуге қолдау көрсететінін айтты.
Мешіттің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыс әкімі ең алдымен мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағының төбесінен су ағуды тоқтату үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігіне тоқталды.

Мешіт жамағатымен пікірлесу.
Одан кейін ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлының облыс орталығына мешіттің жанынан 50-60 орынды медресе салу туралы ұсынысын толығымен қолдап, жобалау институтына жоба дайындап беруді тапсырды.
Сонымен қатар, өңір басшысы жақын арада мешітке жеңіл көлік алу мәселесін шешіп беретіндігін айтты.

Әкім мен өкіл имам
Өз кезегінде өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы облыс әкімін ҚМДБ Өскемен өңірі бойынша өкілдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
Даниал Ахметов мешіт қабырғасында екі айлық сауат ашу курсында оқып жүрген азаматтармен жүздесті.
"The Qazaq Times"
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды