Мексикада маусым айынан бері 2 мынан астам адам қастандыққа ұшырады. Бұл соңғы 20 жылдан бергі елдегі ең қанды оқиғалар болып қалды. Бұған себеп - АҚШ пен Мексика шекарасының қатаң режимге өтуі және шекара маңындағы қылмыстық топтардың азаматтарға көрсеткен қысымы да арта түскен. Бұл туралы BBC жаңалықтар қызметі хабарлайды.
Мексиканың АҚШ-қа шекаралас аймақтағы қылмыстық топтар ұйымы шекараға заңсыз кіру үшін кейде үкімет қарулы күштерімен де қақтығысып қалады. Трамп билікке келгеннен кейін, АҚШ-Мексика шекарасынан кіретін заңсыз мигранттарды шектеу үшін, екі ел арасына қорған тұрғызуды қолға алған. Ал, шекарадан заңсыз өту қиындаған сайын қылмыстық топтардың сауда жолы кесіліп, шекарадан заңды-заңсыз өтетін мексикалық азаматтарды контрабанда ісіне тарта бастаған. Егер азаматтар бұған қарсылық білдірер болса табанда атып тастайтын болған.
Қылмыстық топтардың дегенін жасамастан шекарадан өтіп кеткендерді де, АҚШ территориясындағы сыбайластары арқылы қастандық жасаған. Мұндай қастандықтар маусым айынан бері 2 мың мексикалық азаматтың өмірін қиған. Қазір Мексика полиция өкілдері шекарада орналасқан бірнеше қалаларда барлау жұмысын арттырған. Алайда, айлалы топ полицейлердің құрығынан оңай жалтарып кетіп жатса керек.