АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі АҚШ-Мексика шекарасының оңтүстік-батысына 3750 шекара қорғаушы әскер мен салық қызметкерлерін қосымша күш ретінде жібермек. Бұл туралы Пентагон мәлімдемесінде: «Бұл шекара қызметкерлерінің санын 4350 адамға көбейтуге мүмкіндік береді», – делінген. Демек, АҚШ Мексикамен шекарасындағы қызметкерлер санын 6 есеге дейін көбейтуді көздеп отыр.

Мәлімдемеде айтылғандай, шекараға жіберілетін қосымша қызметкерлер 90 күндік міндетті мерзіммен жіберілмек. Сондай-ақ, 240 шақырым аумаққа тікен-тор тартылып, мобилді іздестіру жүйесі орнатылады.

Өткен аптада АҚШ қорғаныс күштері Мексика шекарасына 3500 шекара қорғаушы қарулы жауынгерді аттандыратыны туралы хабарлар америкалық БАҚ-та тараған еді. Апта соңында ел президенті Дональд Трамп бұл айтылғандарды растады. Трамп бұл шараны елдегі қауіпсіздікті, заңсыз қоныс аударушыларды тоқтату мақсатында шекара әскерінің санын көбейтіп жатқанын айтқан. Сонымен бірге АҚШ президенті Құрама Штат территориясына заңсыз кірушілерді тоқтатуға көмек бермегені үшін Мексика үкіметін айыптап келеді.

Латын Америка және басқа да алыс құрылықтардан келетін мигранттарға қарсы күрес АҚШ-та Трамп билігінен бері қатаң жүрілуде. Кейбір мигранттар өз елдеріне қайтарылды. Енді бірқатары АҚШ шекарасын аттай алмай, Мексика жерінде қалып қойды. Шекара аттағандары да Мексика шекарасынан алыстап кете алмады. АҚШ территориясына ішкерілей кіруіне қатаң шектеу қойылып отыр.

Трамптың мигранттарға қарсы шараларына қармастан заңсыз шекара аттаушылар легі азаятын түрі жоқ. Осы апта бастала салысымен-ақ, 2400 адамның Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бет алғаны туралы хабарлар тарап жатты.

“The Qazaq Times”