АҚШ президенті Дональд Трамп сол елдің жергілікті уақытымен сейсенбі күін 21:00-де, арнайы мәлімдеме жасап, «қауіпсіздік және гуманитарлық дағдарыстың» алдын алу үшін оңтүстік шекараға қорған тұрғызудың кезек күттірмейтінін айтты. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған заңсыз қоныс аударушылар АҚШ-қа кіруге әрекет ететінін, елге кіретін улы шегімдіктің (героин) 90 пайызы оңтүстік шекара арқылы кіретінін, бұл әр күні 300 америкалықтың өмірін жалмайды.
Айта кетерлігі, Трамптың кезекті мәлімдемесі оның Мексикаға жасайтын ресми сапарының алдында жасалып отыр. Ол сөзінде: «Еліміздің оңтүстік аймақтарында гуманитарлық дағдарыс өршіп барады», – деген.
Ақ үй басшысының сөзіне қарағанда, Мексика шекарасына қорған тұрғызу, шекара аттаған қылмыстар мен контрабандалық әрекеттердің алдын алып, мыңдаған адамның өмірін қорғап қалмақ. Ол және заңды түрде шекара аттаушыларды Құрама Штаттың құшағы ашық екенін, алайда заңсыз мигранттар елдің қауіпсіздігіне қатер төндіргендіктен, шектеу қоюға тура келетінін айтқан.
Трамп ел қауіпсіздігіне төнген қатердің алдын алу үшін шекара аймақтарын қорғау жоспарын Конгреске ұсынғанын айтқан. Ол ұсынған жобаға сәйкес Мексика шекарасына қорған тұрғызу үшін 507 млрд доллар қаржы бөлу керек.
Сенат шекара қорғанын тұрғызуға қаржы бөлуге қарсы болып келе жатқандықтан, АҚШ үкіметі 18 күннен бері жарым-жартылай жұмыс тоқтатты деуге болады. Ал, Сенаттың бюджет жобасында шекара қорғанына қаржы бөлу туралы тармағы жоқ болғандықтан президент Трамп оған қол қоймаған. Сондықтан да АҚШ-тың үкімет қызметкерлері де жалақыларын ала алмай отыр.
Трамптың ресми мәлімдемесінен кейін Конгрестің Өкілдері палатасындағы демократ спикері Ненси Пэлоси мен Сенаттағы Демократтардың жетекшісі Чак Шумер жауап қайтарды. Пэлоси сөзінде: «Президент елді қорқытып сөйлегенді ұнатады. Біз нақты фактілерге сүйенеміз. Шекарадағы әйелдер мен балалар қорқынышты ұнатпайды», – деді.
Ал, Демократтардың жетекшісі Чак Шумер болса: «Шекара қорғаны Американың символы емес, керісінше «Азаттық мүсіні». Конгресс өкілдері шекара қауіпсіздігін қорған құрылысынан басқа жолдармен шешуге де болады деп қарайды» – деді.
АҚШ территориясына заңсыз қоныс аударушыларды тоқтату үшін 3200 шақырымдық оңтүстік шекараға қорған тұрғызу идеясын Трамп таққа отырғалы бері толассыз айтып келеді. Оның бұл идеясы сайлау кезінде де көп талқыға түскен еді.