Ұлыбритания Еуорпалық одақтың құрамынан 2019 жылдың наурыз айында толық шығады. Бұл туралы Росбалт сайты хабарлады.
Ұлыбританияның қаржы министрі Филип Хаммонд пен Сыртқы сауда министрі Лиам Фокс The Telegraph басылымына жариялаған мақалаларында Brexit туралы айтқан. "Біз өтпелі кезең ұлттық мүдденің ілгерілеуіне және бизнеске үлкен мүмкіндік береді деп санаймыз. Алайда бұл Еуропалық одақта қалуға негіз болмайды", - деп жазған министрлер.
Сондай-ақ, олар "Ұлыбритания "жасырын" түрде одаққа мүше бола беруі мүмкін" деген қауесетке де жауап берді.
"Біз кедендік одақтан шығамыз және ашық сауда серіктестігі бойынша тауарға қатысты үздік келісімдерді ешбір міндеттерді орындамастан жасай аламыз", - деді министрлер.
Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққан жағдайда өзінің міндеттемелерін орындау үшін 36 млрд фунт стерлинг (40 млрд еуро немесе 47 млрд доллар) төлеуге дайын екенін мәлімдеген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау