Ұлыбритания Еуропалық одақтан шыққан жағдайда өзінің міндеттемелерін орындау үшін 36 млрд фунт стерлинг (40 млрд еуро немесе 47 млрд доллар) төлеуге дайын. Бұл туралы елдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Sunday Telegraph агенттігі хабарлап отыр.
RNS агенттігінің мәліметінше, Брюссель Ұлыбритания орындауы тиіс міндеттемелерді 60 млрд еуроға бағалаған. Ал британ билігі болса 30 млрд еуро көлеміндегі қаржы төленуі тиіс деп есептейді.
Жергілікті шенеуніктердің сөзінше, аталған соманы төлеу туралы ұсыныс келіссөз процесіндегі тығырықтан шығудың жалғыз жолы. Оның үстіне Брюссель сауда ноталарын қоса алғанда"Brexit есебін" алдағы келісімдердің бір бөлігі деп танитын болса ғана Ұлыбритания 36 млрд фунт стерлингті төлейді.
Айта кетейік, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы шешімі 2016 жылдың 23 маусымында елде өткен референдум кезінде қабылданған. Ал осы жылдың 28 наурызында Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Brexit процедураларының іске қосылғаны жөнінде ЕО-ға ескерту хатына қол қойған. Шарттар бойынша келіссөздер 2 жылға созылады.