Орташа есеппен әрбір қазақстандықтың тұтынушылық қарызының көлемі 147,3 мың теңгені құрайды.
2017 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздарының портфелі 2,65 трлн теңгеге жеткен. Бұл мамыр айындағы көрсеткішке қарағанда 2,2 пайызға немесе 56,6 млрд теңгеге және өткен жылға қарағанда 8,4 пайызға жоғары.
Ranking.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, ай сайынғы өсім қарқыны Алматы және Атырау облысында байқалған. Бұл өңірлерде тұтынушылық кредит көлемі мамыр айына қарағанда 3,2 пайызға артқан немесе 109, млрд теңгеден 123,3 млрд теңгеге дейін жеткен.
Ал жылдық динамика бойынша Алматы қаласында тұтынушылық кредит портфелі 2016 жылға қарағанда азайған.
Дегенмен мұндай кредиттердің тәуекелі жоғары болғанмен тұтынушлырдың жауаптылығы біраз сапалы бола бастаған. Өйткені бір айдағы мерзімі өткен тұтынушылық кредиттердің көлемі 7,1 пайызды құрап, мамыр айына қарағанда (7,3 пайыз) төмен болған.