Ұшқышсыз ұшақтарға ауысудан әуе команиялары жылына тек қаражат үнемдеп қана қоймай, ұшу қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылата алады. Мұндай пікірге UBS сарапшылары келген.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, әуе тасымалдаушылары автоматты жүйемен басқарылатын әуе лайнерлеріне өту арқылы жылына 35 млрд доллар үнемдей алады екен. Financial Times басылымының жазуынша, мұндай жағдайда компаниялар ұшқыштарға еңбекақы төлемейді,сақтандыру мен жағармай отынына кететін шығындар азаяды.
Дегенмен автопилотты ұшақтардың қолданыста болуын жолаушылар аса қаламайтын көрінеді. Себебі жақында жүргізілген сауалнама бойынша 8 мың респонденттің 54 пайызы робот басқаратын ұшақтарға отырмайтындарын мәлімдеген. Тек 17 пайызы ғана осындай ұшуларға келісетінін айтқан.
Ал АҚШ-тың Boeing Co. аэроғарыштық тобы бұрын осы технологияларды жасауға қызығушылық танытқанын айтса, өткен аптада олар ұшақтағы борттық радиоэлектрондық аппаратураны жасап шығарумен айналысып жатқандарын хабарлаған.
Қазіргі кезде комерциялық ұшақтардың ұшқыштары ұшу, қону және басқада операцияларды орындау кезінде компьютелік жүйені белсенді пайдаланады. UBS сарапшыларының сөзінше, әуе компаниялар енді коммерциялық рейстегі екі ұшқыштың біреуін қысқартады, осылайша екінші ұшқыш жердегі диспетчерлік пункт арқылы ұшу кезіндегі басқару жұмыстарына көмектесуі мүмкін.
Айта кетейік, соңғы кезде роботтандыру жүйесі жылдам дамып келеді. Тиісінше, бұл адамзаттың еңбек қабілетіне қауіп төндіреді. Себебі роботтар жұмыс істеген жерде адамдардың еңбегі қажетсіз болатыны белгілі.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы