Әлемдік робототехника нарығы біз күткеннен де жылдам дамып жатыр. The Boston Consulting Group (BCG) зерттеуіне сенсек, 2025 жылға қарай техниканың осы түріне жұмсалған қаржы көлемі 87 млрд доллардан асуы мүмкін.
Бұған дейін, яғни 2014 жылғы болжалды есептік көрсеткіш тұтыныушылық сұраныстың артуына байланысты 67 млрд доллар болып көрсетілген. Ал BCG-ның "Роботизация артықшылығын қалай пайдалануға болады?" атты мақаласында бұл болжамды 156%-ға жақсартып, тұтынушылар сұранысын 23 млрд долларға арттырған.
"Өсімнің көбеюі тұтыныушылық сұраныстың артуына байланысты болады. Мысалы автокөліктер және үй техникасы салаларында сұраныс жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, қалған 34%-ы немесе 22,8 млрд долларға дейінгі қаржы коммерциялық секторлардан берілуі мүмкін", - BCG-дағы мақала авторларының бірі Влад Лукич.
BCG мәліметі бойынша, 2014-2015 жылдары сұраныс екі есеге көбейген әрі оны жасайтын мамандардың саны да бірден артып кеткен. Қазіргі уақытта олар жасаған роботтардың көпшілігі үйді шаңнан тазартып, балаларды оқытып, тіпті үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады екен.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды