АҚШ Сенатында Палестинаға берілетін көмекті тоқтату туралы заң жобасы мақұлданды. Заң жобасы 4-ке қарсы 17 дауыспен мақұлданған. Палестина жақ Израиль әскерлері жағынан шейіт болған немесе Израиль түрмесіндегі тұтқындарың отбасына материалдық көмектерін тоқтатқанға дейін, Палестинаға аталған көмекті тоқтатуды көздеген. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің сайты хабарлайды.

Сенаттың сыртқы байланыстар комитетінде мақұлданған бұл заң жобасына, былтырғы жылы Тель-Авивте қаза тапқан америкалық студент Тейлор Форстың аты берілді. Әрі, өзге елдерге де Палестинаға көмек бермеу туралы үндеу тастады.

АҚШ-тағы Палестина өкілі заң жобасын жалған мәліметтерге толып, қайшылық тудыратын заң жобасы деп айыптады. Ол: «Палестинаға жасалатын көмек 52 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл көмектің бәрі де Израиль жағынан жазықсыз қамалған және өлтірілген құрбандардың отбасына беріледі. Бұл әлеуметтік қызмет», – деді.

АҚШ-тың 2018 жылғы бюджетінде Шығыс Шерия және Газа өңірінің экономикалық дамуы үшін 260 млн АҚШ доллары бөлінген болатын.

“The Qazaq Times”