Палестин мен Израиль қақтығысы екінші аптаға ұласқанда барып АҚШ президенті Жо Байден үн қатты. Ол «Хамас» пен Израильді соғысты тоқтатуға шақырып, АҚШ пен Мысыр оқ атыспау келісіміне ара ағайын болуға әрекет етіп жатқанын да айтты. Байден бұл шешімін Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен кезде ортаға салған.
Бірақ, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атысты тоқтатуға шақырған шешіміне АҚШ тараы өзінің вето құқығын пайдаланып қарсы шықты. Бұнымен АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Израильге қатысты шешімін үшінші рет тоқтатып отыр.
Уашингтонның шешімі құылып тұрған тұса Израиль әуе шауылдарынан Газада 212 адам қаза болды, оның 61-і балалар. Бұнымен бір уақытта Израильден екі баланы қамтыған жалпы 10 адам қаза тапты. Израиль әуе шауылдарынан Газадағы 40-қа жуық мектеп пен аурухана жартылай немесе толығымен қираған.
Халықаралық ұйымдар Израильді ауыр сынның астына алуда. Соған қарамастан Израиль мен АҚШ сыңарезулікке басып отыр. Тель-Авив өз кезегінде Газада қаза болғандардың басым көпшілігі құралды күштер екенін алға тартуда. «Хамас» болса бұл мәліметті терістейді.
Қалай деген күнде де Израиль мен Палестин арасындағы жаңа қақтығыс Халықаралық қауымдастық пен әлем елдерінің назарына көбірек ілінді. Халықаралық ұйымдар мен өзге де елдер өңірде жаппай соғыстың басталып кетуінен алаңдайды.