Тәжікстанда соңғы 3 жыл ішінде 1000-ға жуық мешіттер жабылып, фабрика, кітапхана, тұрғын үй немесе ойын-сауық орталықтарына айналған. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігі Тәжікстанның «Ақпарат» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлауда.
22 шілде күні Тәжікстанның Соғд облысындағы Ходжант қаласының әкімі арнаулы баспасөз мәжілісін өткізіп, облыс орталығындағы төрт үлкен мешіттің қолданыс аясының тоқыма фабрикасы, бала бақша, шәйхана және дәріханаға өзгертілгенін хабарлаған.
Тәжікстан үкіметі 2011 жылдан бері заңды құжаты жоқ 1000-ға жуық мешітті жауып, қолданыс аясын өзгерткен. Жоғарыда аталған Соғд облысы Өзбекстан және Қырғызстанмен шектесіп жатыр. Бұл облыста 100-ден аса мешіттің заңды құжаттарының толық болмауы себебінен үкімет тарапынан жабылған.
Ирандық сарапшылар «Тәжікстан үкіметінің бұл әрекеті исламды жою бағдарламасы аясында, мұсылмандардың құқықтары мен сенім бостандығын аяққа таптау» деген пікірін білдіруде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?