Antiquorum аукционына қойылған Patek Philippe Triple Complication компаниясының Владимир Владимирович Путиннің атына кепілдендірілген сағаты 1,054 млн долларға сатылған. Бұл туралы vedomosti.ru хабарлайды.
Аукционды өткізген Monaco Legends компаниясына сілтеме жасаған ВВС агенттігінің мәліметінше, сатылған сағатты жасау шектеулі және өте сирек кездесетін Patek Philippe 5208P Triple Complication моделі. Оны тек арнайы тапсырыспен сатып алуға болады. Алайда оны нақты кімнің сатып алғанын аукцион өткізген компания хабарламаған.
Алғаш рет Mr Vladimir Vladimirovic Putin деп аталатын сағаттың шығарылғаны туралы ақпарат маусым айының басында Hodinkee атты онлайн дүкеннің сайтында пайда болған. Алайда бұл сағаттардың Ресей Президенті Владимир Путинмен байланысы бар-жоғы белгісіз. Себебі оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны жалған ақпарат деген.
Ал Monaco Legends компаниясы болса "сағатты Владимир Владимирович Путин есімді адамға сыйлыққа беру мақсатында құрметті азаматтардың бірі сатып алды" деп түсіндірген.