2017 жылғы маусымда инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,4% болды, бірінші жартыжылдықта инфляция 3,7%-ды құраған және өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен (4,6%) төмен, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Жылдық инфляция алдыңғы екі айдағыдай 7,5% деңгейінде сақталды.
Инфляциялық аяның сақталуы азық-түліктің кейбір түрлері (көкөніс, ет-сүт өнімдері) бағасының жоғары өсуімен салыстырғанда ұсыныс факторлары тарапынан болған жағымсыз әсермен байланысты болды", -делінген баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ, Ұлттық банк азық-түлік бағасының өзгеруіне қатыстты сауалнама жүргізген. Сонымен бас банктің мәліметінше, халықтың бағаның өсуін бағалауы соңғы 12 айда төмендеген. Бағалардың өсуіне жоғары баға берген сауалнамаға қатысушылар үлесі мамырда 57,3% болса, маусымда 55,1%-ға дейін азайған.
Сондай-ақ, Ұлттық банктің болжамынша, осы жылы инфляцияның бір
жыл алға берілген бағасы 5,9-6,6% деңгейінде және 2018 жылға арналған нысаналы дәліз 5-7% болуы мүмкін.
Дегенмен Ұлттық банк мұндай болжам жасағанмен Қазақстанның экономика нарығында теңгеден бастап шикізат өндірісіне дейін тұрақсыз екенін ескеруіміз қажет.