2017 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда жалпы құны 64,5 млрд теңгені құрайтын 8,6 мың көлік құрастырылған. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Қауымдастықтың мәліметінше, құрастырылған көліктер саны өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,4 мың бірлікке артық. Осы жылдың маусымында-ақ 1,8 мың көлік шығарылған.
Құрастырылған көліктердің 90,1 пайызы жеңіл автокөліктер. Яғни жол талғамайтын көлік және седан секілді 7,8 мың көлік құрастырылған. Ал жүк көліктері мен автобустар шығарылымы 9,93 пайызды құрайды немесе 858 дана.
Айта кетейік, Қазақстанда Lada Largus, Peugeot Partner, Jac J6 сынды коммерциялық техника түрлері және Hyundai, Камаз, Урал, Iveco, Shacman сияқты жүк көліктері құрастырылады. Сондай-ақ, осы жылы Iveco, Daewoo маркалы 313 автобус шығарылған.
Ал осындай отандық өндірістен шыққан көліктердің сатылымы 35,3 пайызға артқан және ең көп сатылған көлік әдеттегідей Lada. Одан кейін KIA, Hyundai және Chevrolet тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?