2017 жылдың басынан бері Қазақстанда 43,4 млрд теңге шамасында 6 950 автокөлік жасалған. Өндіріс 4 есе өскен. Жергілікті жерде құрастырылған автокөліктерді өткізу 38,2%-ға жоғарылаған.
"ҚазАвтоӨнеркәсіп" АҚ мәліметінше, жеңіл автокөліктер өндірісі 6 263 бірлікке жетіп, 6,4 есе өскен. 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында автобус техникасының шығарылымы (131 бірлік) бір жыл бұрынңы көрсеткішке қарағанда 4,5 есе өскен. Ал жүк автокөлігі өндірісі (380 бірлік) 30%-ға қысқарған.
Жалпы алғашқы 5 айдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарының мемлекеттің ЖІӨ-дегі үлесі 43,4 млрд теңгені құраған (өткен жылғы көрсеткішке қарағанда+18,6%), бұл жеңіл және фармацевтика өнеркәсібінің ұқсас көрсеткіштерінен біршама асады.