S&P Global Ratings (S&P) агенттігі Халық банктің ұзақмерзімді кредиттік рейтингін "ВВ" деңгейінде белгіледі және ұлттық шкала бойынша рейтинг "kzA" деңгейінде нақтыланып, негативті болжам бойынша банк СreditWatch тізіміне енгізілді.
"Біз Халық банктің рейтингін CreditWatch Negative тізіміне қостық. Біздің болжауымызша, проблемалы активтері бар Қазкоммерцбанк акцияларын сатып алғаннан кейін ол Халық банктің кредит жүйесінің әлсіреуіне әсер етеді. Сондықтан ішкі бақылау жүйесінде тиімді механизмдерді және бірігетін қаржы ұйымдарының тәуекелдерін басқару жүйесін енгізу үшін басшылық тарапы қосымша шаралар қабылдау қажет әрі бұған ұзақ уақыт керек болады. Ал екі банк арасындағы келісім аяқталған соң Халық банктің жалпы проблемалы кредит портфелінің көлемі (мерзімі 90 күннен асқан кредиттер) 20 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін", - дейді агенттік.
Айта кетейік, шілденің басында Халық банк артықшылықты сатып алу құқығын жүзеге асыра отырып, Қазкоммерцбанктің жай акцияларының 96,81% үлесін немесе 1 296 698 676 данасын сатып алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?