Қазақстан қор биржасы жетекшілігінің сөзінше, теңге қазіргі уақытта жаңа рекорд қалыптастырып жатыр. Долларға қатысты бағамы 318-328 теңге шамасында құбылуда. Ал бұл жағдай жақын арада реттеле қоймайды.
Сондай-ақ, KASE теңге нарықта әлі де қысымға ұшырауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мұның басты себебі - доллардың нығаюына ықпал етіп отырған АҚШ-тың экономикалық стратегиясы және ОПЕК-тің мұнай көлемін қысқартуға қатысты шешіміне трейдерлердің түрлі көзқарас қалыптастыруы.
"2017 жылдың 1 тоқсанында бұл тренд тек байқалды, ал жарты жылдықтың қорытындысы бойынша қайтадан тенденцияға айналды. Мұнай бағасы төмендеп жатыр. Ал теңгенің долларға қатысты курсы рубльдің теңгеге қатысты айырбас бағамымен өлшеніп отыр. Рубль мен мұнай бағасының құбылуына байланысты ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы шілде айының ортасында 310-318 теңгеден де арзандай түсті", - дейді KASE-нің басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.
Айта кетейік, осы аптада доллар биржада 328,5 теңгеге дейін қымбаттады. Осылайша доллар курсы 3 күннің ішінде 2 теңгеге жоғарылады.
Сондай-ақ, бұдан бұрын Ұлттық банк теңгенің құбылмалығын шектеу мақсатында 21-22 маусым аралығында валюта нарығында 101 млн долларға интервенция жүргізгенін хабарлаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?