Тедди Фишер есімді америкалық оқушы АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің телефон нөмерін тауып, онымен кездесуге сөз байласып, 45 минуттық сұхбат алды деп хабарлайды New York Post.
Вашингтонда тұратын оқушы министрдің телефон нөмерін «Washington Post» газетінің 11 мамырдағы санынан көріп қалған. Ешкім мән бермеген фотосуретте АҚШ Президенті Дональд Трамптың оққағарларының бірі Кит Шиллердің қолындағы қағаздардың бетінде қорғаныс министрінің аты мен номері жазылған. Көп ұзамай сурет сайттан өшірілгенімен, жас жеткіншек нөмерді жаттап үлгеріп, Джеймс Мэттиске хабарласқан.
АҚШ-тың Қорғаныс министрі жас оқушыларға көмектесуге, ой бөлісуге қашанда дайын екендігін білдірді. Сұхбат барысында 11 жасар Тедди Фишер әлемдегі маңызды саяси оқиғаларды еркін талқылап, министрдің ойын сұрады. Сондай-ақ, «Егер АҚШ Ауғаныстан мен Сириядағы балалардың Америка мектептерінде оқуына жағдай жасап, ақшасын төлеп берсе, радикалды ағымдармен күреске қыруар қаржы жұмсамай-ақ қоюға болар еді. Адамдарға жақсы өмір мен білім беру арқылы көп қиындықтан құтылуға, ойларын жақсы бағытқа өзгертуге болады» деген ойымен бөлісті. Оның сұхбаты өзі оқитын мектептің басылымында жарияланды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?