АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Чак Хейгел сол елдегі БАҚ-қа берген сұхбатында, Трамп үкіметінің Сүрия мен Иранға бағытталған стратегияларын сынға алды. Бұл туралы Defense One басылымы жариялады.
Чак Хейгел пікірінде Құрама Штаттың Сүриядағы қарулы күштері елдің жартысында өз бақылауына ала алмағанын атап өтті. Ол және қазіргі АҚШ үкіметінің Сүрия жеріндегі Иран әскери мүмкіндіктерін күйрету жоспарларын сынға алып: «Ондағы 2 мың әскермен Иран әскерлерін Сүриядан шығара алмайсың», – деді.
Хейгел сөзінде: «Сүрияға, Иранға немесе ресейліктерге қандай да бір қауіп төніп тұрғаны туралы айтудың өзі ақымақтық. Шын мәнісінде өңірдегі олардың мүмкіндіктері бізден әлде қайда жоғары», – деген пікірін айтады.
Пентагонның бұрынғы басшысы қазіргі Трамп үкіметіне Құрама Штаттың Орта Шығыс елі емес екенін, Иранның сол өңірде орналасқанын, көптеген мәселелерде Иранның мүмкіндігі АҚШ-тан басым болатынын ескертті.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы