Дүйсенбі күні, АҚШ қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Шанахан Ауғанстан үкімет басшылары мен сол елдегі АҚШ әскерлеріне кездесу үшін Ауғанстанға сапарлай барды.
Шанаханның Ауғанстан сапарынан бұрын жасалған ресми мәлімдемеде: «Пентагон басшысының бұл сапарының басты мақсаты – Ауғанстандағы барлық тараптармен келіссөз арқылы бейбітшілікке шақыру, 2001 жылдан бері басталған ұрысты тоқтату», – деп көрсетілген.
Пентагонның қазіргі басшысы журналистерге берген жауабында, Ауғанстан халқының өз болашағына өздері шешім жасау ұстанымында, ел үкіметінің рөлін арттыруға баса мән беретінін айтқан.
Дегенмен, Шанахан Ауғанстандағы АҚШ әскерлерін қысқарту туралы сұрақтарға жауап бермеген.
Пентагон басшысының Ауғанстан сапарлай баруы АҚШ-тың өңірдегі жаңа стратегиясын жүзеге асыруға күш салып жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ, Ауғанстан мәселесін шешудің кезек күттірмейтін мәселе екенін түсіндіреді.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр