Әлемдік нарықта мұнайға сұраныс 2017 жылдың 3 тоқсанында артуы мүмкін. Бұл кезең шикізат нарығындағы жақсы көрсеткіш болады. Ресейдің энергетика министрі Александр Новак осылай мәлімдеді, деп хабарлайды CNBC.
"Мемлекеттер нарықтағы мұнайдың артық көлемін өндірмеуге тырысып жатыр. Бұл процесс жылдам болмайды. Жағдайды барынша бақылап, оның қалай дамитынын қарау керек. Бірақ біз осы жылдың 3 тоқсанында көрсеткіштің дұрыс болатынына сенімдіміз: бұл кезеңде сұраныс артады, өндірістің артық көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Ресейлік министрдің сөзінше, баға дағдарысы әлі де бар, бірақ мұнай көлемін қысқарту туралы келісім нарыққа әсер еткен. Сондай-ақ, ол 2018 жылдың 1 тоқсанында шикізатқа деген жаһандық сұраныс қалыпқа келе бастайды дегенді айтады.
Қазіргі кезде (11 шілде) Brent маркалы мұнайдың бағасы 47,2 доллар шамасында белгіленген.
Айта кетейік, осы жылдың 25 мамырында ОПЕК елдері мұнай көлемін қысқарту туралы келісім мерзімін тағы ұзартқан болатын. Енді келісім 2018 жылдың 31 наурызына дейін созылуы мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?