Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев биыл қаңтар мен қыркүйек аралығында 64,7 млн тонна мұнай өндірілгенін мәлімдеді.
Министрдің келтірген дерегі бойынша,елде мұнай өндіру көлемі 64,7 млн тоннаға жеткен. 9 айдың жоспары 100,5% пайызды құрады. Оның ішінде 20,2 млн тонна мұнай Теңіз кеніішіне тиесілі. Ал Қашаған кен орнында мұнай өндіру көрсеткіші 11,5 млн тоннаға жетсе, Қарашығанақ кенінде 9 млн тонна өндірілген.
Экспортталған мұнайдың көлемі 52,2 млн тонна. Жоспар 100%-ға орындалды деп сүйіншілеген Ноғаевтың хабарына қуана қою ерте. Себебі пандемиямен қатар келген экономикалық дағдарыс кезінде шикізат айналымы мен нарығы бұрын болмаған деңгейде құлдырады. Сондықтан баррель мұнайдың бұрынғы бағасы келмеске кеткендей, содан болар бюджет түсімі айтарлықтай ортайған.
ҰЭМ-ға қарасты Статистика комитетінің дерегінше, былтыр 90,5 млн тонна көлемде шикі мұнай мен кондесат өндірілген. Биылғы қарқын да жаман емес. Дегенмен табыс өткен жылғыдай болмасы анық. Бұл бағытта Үкімет қандай шара қабылдап жатқаны әзірге белгісіз.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді