ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартуға келісті. Енді бірінші мамырдан бастап екі ай мерзімге белгіленген келісім жүзеге асады.
Негізінен тараптардың ортақ мәмілеге келуіне АҚШ президенті Трамп себепкер болған. Ақ үй басшысы Сауд Арабиясы мен Мексика арасындағы шиеленісті шешу үшін келіссөздерге қосылып, мұнай өндіруді қысқарту бойынша Мексика міндеттемелерінің бір бөлігін өз мойнына алды. Дональд Трамптың айтуынша, Америка энергетика саласында жүз мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалады.
ОПЕК+ отырысының қорытындысына Құрама Штаттарымен қатар, Ресей тарапы да оң баға беріп отыр. Елдің энергетика министрі Александр Новактың сөзінше, осы мәселені шешу жолында қандай да бір қадам жасалмағанда, әлемдегі мұнай қоймалары 1 жарым айдың ішінде-ақ толып қалар еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы