Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасында өткен кездесудің нәтижелері жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.
Сергей Лавров қос басшының арасындағы келіссөздерге "конструктивті" деген баға беріп, Ресей мен АҚШ-тың өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
"Бұл шынында, ұзақ әрі маңызды кездесу болды. Менің екі ел басшысы да өз халқының ұлттық мүддесіне адал, осы жолда өзара тиімді келіссөздер мен ынтымақтастық жолындағы әріптестіктерге дайын деген болжамым ақталды. Ресей мен АҚШ арасындағы конфронтациялық сценарийлер қос мемлекет үшін де тиімсіз", - деген Сергей Лавровтың сөзін АҚШ Президенті Дональд Трамп та қолдады.
Ол: "Мәскеу мен Уашингтонды енді алда көп жақсы оқиғалар күтеді", - деді.
Дональд Трамп пен Владимир Путин арасындағы келіссөздер барысында Солтүстік Кореяның жағдайы талқыланып, 9 шілдеден бастап Сирияның Дераа, Кунейтра және Сувейда аудандарында екі ел бейбіт келісімге келетін болды.
Атап өту керек, Гамбургте өтіп жатқан G20 саммитінің аясында ұйымдастырылған кездесу ең ұзағы жарты сағатқа созылады деп күтілген болатын. Дегенмен екі ел президенті арасындағы кешегі сұхбат 2 сағатқа созылды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?