Бүгін Монғолияда президент сайлауының екінші кезеңі өтуде деп хабарлайды Монцамэ ақпарат агенттігі.
Алғашында Монғолиядағы президент сайлауының екінші туры шілденің 9-на белгіленген болатын. Алайда елде ол күні спорттық мерейтойлар өтуіне байланысты сайлау шілнеднің 7 күніне ауыстырылған еді.
Президент сайлауының бірінші кезеңінде сайлауға қатысқан үш үміткердің үшеуіде 50 пайыздық межеден аса алмаған болатын. Нәтижесінде Монғолия орталық сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңі өтетіндігі жайында хабарлаған еді.
Сайлаудың екінші турына 38 пайыз дауыс жинаған Монғолия демократиялық партиясының атынан қатысқан Халтмаагийн Баттулга мен Монғолия халықтық партиясының көш басшысы Миеэгомбын Энхболда өткен болатын. Бүгін Монғолия халқы осы екі үміткер арасында өздерінің бесінші президенттерін таңдайтын болады.
Ал Монғолияның қазіргі президенті Цахиагийн Элбэгдорж қатарынан екі рет президент болып сайланғана байланысты үшінші мәрте сайлауға қатыса алмайды. Бұл жолғы сайлау Монғолия тарихындағы жетінші президент сайлауы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?