Венесуэланың мемлекеттік VTV телеарнасының журналисті Освальдо Риверо сәрсенбі күні Ұлттық ассамблеяға жасалған шабуылды өз мойнына алды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салған бейнежазбасында хабарлады.
Парламент спикері Хулио Борхестің мәліметінше, шабуыл кезінде 5 депутат пен 7 Парламент қызметкері жараланған.
Освальдо Ривероның айтуынша, оларға шабуыл жасауға ешкім арнайы бұйрық бермеген, қарулы қарсылықтың қатысушылары өз алдына тәуелсіз әрекет еткен. Ол: "Біз жасаған әрекеттеріміз үшін тарих алдында жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Бүгін біз халықтан азық-түлікті жасырғандар мен террорлық актілер ұйымдастырып, ел азаматтарына қарсы келген топқа қарсы күресіп жатырмыз",-деді.
Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада ағымдағы жылдың сәуір айынан бері ел Президенті Николас Мадуроның саясатына қарсы наразылық танытқан оппозицияның ұйымдастыруымен ірі көтерілістер өтіп жатыр. Мыңдаған халықтың алаңға шығуына ел ішіндегі дағдарыс пен Жоғарғы Соттың Парламенттің құзыреттілігін шектеп, Николас Мадуроның билігін күшейтетін бірқатар нормалар қабылдауы мен елдің негізгі заңын референдум өткізбей-ақ өзгертуге жасалған қадамдар түрткі болған.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?