Тұтынушылық несие беру қайта жанданып келеді. Осы жылдың соңғы үш айынан бері жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық қарыз портфелі артып отыр. Мысалы осы жылдың мамыр айында мұндай несиелер көлемі 1%-ға, сәуір айында 1,4%-ға, мамыр айында 1,6%-ға дейін көтерілген, деп хабарлайды ranking.kz.
Ал жыл басынан бері Қазақстанда жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несие 4%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгені құрады. Осылайша банктер тұтынушылық несие сапасын жақсарту арқылы халықты белсенді түрде кредиттеуді қайта қолға алды.
Дегенмен қазіргі кезде жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредиттердің 7,3%-ы жұмыс істемейді екен. Ал бір жыл бұрын мерзімі өткен қарыз көлемі 9,4%-ға бағаланған.
Тұтынушылық кредит ең көп берілген аймақтарға келер болсақ, Астана алдыңғы орында. Соңғы жылы Астанада берілген тұтынушылық бөлшек қарыз көлемі 23 млрд теңгеге немесе 12,1%-ға өскен. Екінші орында 20,2 млрд теңге көлемінде тұтынушылық кредит берген Қарағанды облысы. Бұл аймақ жалпы берілген тұтынушылық кредит үлесінің 6,2%-ын құрайды.
Ал үшінші орында Маңғыстау облысы. Бұл өңірде жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несие портфелінің көлемі 18,8 млрд теңгеге дейін көбейген. Алматы қаласында керісінше, кредиттің мұндай түрін алатындар саны азайған. Бір жыл ішінде берілген қарыз көлемі 33,3 млрд теңгеге дейін кеміген.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?