Көпжақты ауыр саяси қысымдардан кейін Facebook Inc. (FB) жасанды интеллектілерді жұмылдырған неғұрлым тиімді терроризмге қарсы әлеуметтік желі науқанын жүргізбек. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Facebook Inc. әлеуметтік медиа компаниясы бейсенбі күні жариялаған хабарламада, соңғы бірнеше айдан бері жасанды интеллектілерді пайдалана отырып, платформалардағы жазбалар мен түрлі материалдар арқылы лаңкестікті қолдаушыларды анықтау ісін жүргізді. Осыдан бұрын Facebook немесе басқа да әлеуметтік желі алыптары пайдаланушылардың тұлғасын тексеруде, олардың сөйлеген сөздері мен диалогтарын негіз етіп келген.
Facebook жариялаған жаңа бағдарлама скрининг мазмұнын анықтауға көбірек қолайлылық әкеледі. Бейсенбі күні жариялаған мәлімет бойынша, жаңа бағдарлама енгізілгеннен кейін бірнеше айда скрининг мазмұнына жасаған талауы бойынша террористің суретін таба алған. Әрі бұл жасанды интеллект бағдарламасы осы пайдаланушының мәтіндері мен сурет, видео жазбаларының таралуының алдын алатын қаблетке ие екені мәлім болды. Тіпті, бұл тұлғаның қайталай тіркелуіне де тосқауыл қоя алады. Алдағы уақытта бұл жасанды зерденің тілдерді парықтау қабілетін арттыру үшін зерттеулер мен сынақтар жасалады.


















Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады