Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджерінің істемей қалған кезде өз серверіне тіркелгендер қатары рекордтық мәнде миллиондап артқанын хабарлады.
«Telegram-ның күнде0лікті өсу қарқыны нормадан бірнеше есе асып кетті және бір күнде өзге платформалардан 70 миллионнан астам «босқын қолданушыларды» қабылдадық», – деп жазды Павел Дуров өз арнасында.
Оның айтуынша, Солтүстік және оңтүстік Америкадағы пайдаланушылардың көбі мессенджерді қолдану кезінде желі қызметі баяулауы мүмкін. Дуров мұны бір мезетте көптеген қолданушының тіркелуімен байланыстырады. Ол «басқалар сияқты ыңғайсыз жағдайға қалдырмаймыз» деп жазды.
Facebook серверінің иесі Марк Цукерберг әлемдік көлемдегі ақаудың салдарынан акция құны құлдырап, шамамен 7 миллиард доллар қаржыдан айырылған.
4 қазанда Facebook сервистері кемінде алты сағатқа істен шыққан. Танымал желілердің жаһандық іркілісіне Facebook дата-орталықтары арасындағы желі трафигін үйлестіруге жауап беретін магистралды маршруттарды өзгерту кезінде техникалық ақау туып, конфигурациясы өзгеруі себеп болған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті