Қарағанды облысының үш ауылында 96 ірі қара мал қырылған болатын. Зертханадағы сараптама нәтижесіне сәйкес пастереллез диагнозы расталды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Облыстық ветеринарлық зертхана мал пастереллезбен ауырғаны жайлы берілген қорытындыда бұл ауруға ірі қарадағы жем-шөпті жұту жолдарының асқынуы, жара, созылмалы сілекей белгілері тән. Бүгінде өлім-жітім тоқтады. 319 малдың 87-сі індеттен толықтай айыққан», - деді, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау және бақылау комитеті облыстық аумақтық инспекция басшысы Марат Мұқтаров арнайы ұйымдастырылған брифингте.
Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омархановтың айтуынша: «Ауру жайылған жоқ, бірақ жағдай әзірге тұрақталды. Ветеринарлық шаралар жүргізілуде. Малдар қаралып, қажетті препараттармен емдеу жұмыстары жатыр».
Нұра ауданында пастереллезден мал жаппай қырылып, ТЖ режимі енгізілген еді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті