Ауылдық жерде шағын кәсіпкерлік үшін қаржылық ресурстарға қол жеткізу қиын. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда облыста ауылдық жердегі кәсіпкерлікті қаржыландыру үшін 19 микронесиелік ұйым мен 13 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс істейді екен. Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, бұл несиелік ұйымдарда біршама олқылық бар: қысқа мерзімді несиенің сыйақы мөлшерлемесі жоғары және серіктестік қатысушылары мен ауыл шаруашылығы жобаларын ғана қаржыландырады. ОСы себепті кәсіпкерлер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының микронесиелеу бойынша тәжірибесін Солтүстік Қазақстанға да енгізуді ұсынды. Тимур Құлыбаев бұл бастамаға қолдау білдірген.
«Былтыр алты облыста пилоттық жобаны ұйымдастырдық. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Барлығы да жақсы жұмыс істеуде. Облыста өсімдік және мал шаруашылықтары бар, қажетті құралдардың барлығы да орын алған. Сондықтан бұл тәжірибені қарастыру қажет. Әкімдіктердің микронесиелік ұйымдарда қор құруына рұқсат беруі үшін ҚР Үкіметінің отырысында бұл мәселені талқылаймыз. Сонда сіздерде қаражат қоры пайда болады», – деді Төралқа Төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Тимур Құлыбаев бизнес проблемаларға тап болып жатса, шұғыл әрекет жасауымыз керек деп мәлімдеген. Оның сөзінше, бизнес қоғамдастықпен бірлесе отырып, отандық кәсіпкерлерді тиімді қолдау шаралары әзірленбек.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?